Ізгілік еселеніп қайтады
Бір шетелдік телехикаядан естіген сөйлем мені қатты толғандырды: «Сіз көрсеткен ізгілік сізге еселеніп қайтады». Қаншалықты қарапайым, соншалықты терең өмір шындығы…
Өйткені ізгілік, жақсылық пен жағымды мінез-құлық тек қарсымыздағы адамның әлеміне әсер етіп қана қоймайды, біздің де әлемімізді әсемдейді. Кейде бір жымиыс, кейде нәзік айтылған бір сөйлем, кейде күтпеген сәтте көрсетілген түсіністік адамның бүкіл күнін, тіпті өмірге көзқарасын өзгерте алады.
Адамдардың оқиғаларға көзқарасын, реакцияларын және бір-біріне деген қарым-қатынасын жұмсартатын да көбіне осы кішкентай, бірақ құнды жанасулар. Мүмкін, тұруға қолайлы, тыныш әрі бақытты қоғам болудың жолы үлкен өзгерістерден бұрын кішкентай жақсылықтарды көбейтуден өтетін шығар.
Бір-бірімізге көбірек түсіністік, мейірім және ізгілік таныта алсақ, жақсылықтың да жамандық сияқты жұқпалы екенін көре аламыз.
Ұмытпайық: әлемді өзгерту кейде ұлы істерден емес, бір адамның өмірінде әдемі із қалдырудан басталады. Көрсеткен ізгілігіміз бір күні күтпеген жерден бізге қайтып оралатынын біліп өмір сүрейік…
